Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Маркетинг фестивалі

Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінде «Жасыл алма» ХVI -шы халықаралық жастар маркетингі фестивалі өтті.Фестивальға 12 елдің өкілдері қатысты. Олардың арасында 
біздің университеттің экономика факультетінің 3 курс студенті Айнұр Ысмағұлова болды. Ғылыми жетекшісі – қаржы және банк ісі кафедрасының доценті Гүлнар Майкопова.
Бұл додада Айнұр 1-орынға ие болды және 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал жетекшісі Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің алғыс хатын иеленді.
Экономика мамандығының студенті Анастасия Смаковая мен ғылыми жетекшісі, экономика кафедрасының аға оқытушысы Вера Шмидт «KuAnJan» агенттігінің мысалына сай 
мерекені ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында «MARKETING EDGES CONTEST» оқыту курсына қатысып
«Time Pad» дипломымен марапатталды

маркетинг фестивалі

PDF