Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Мамандығы бойынша үздік бағдарламашы» байқауы

ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінде әдістемелік инновациялар айының шеңберінде, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедраснының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған «Мамандығы бойынша үздік бағдарламашы» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарын жетілдіру және кәсіби даярлау сапасын арттыру.

Байқауда студенттер өздерінің дайын жобаларын: сайт-визиткалар, интернет-дүкендер, дерекқорлар, компьютерлік ойындар, ұялы қосымшаларды көрсетті.  Олар жұмыстарын ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде қорғады.   

Қазылар алқасының мүшелері студенттердің жоғары дайындығын белгілеп, байқаудың жеңімпаздарын анықтады. Сонымен, бірінші орынды Виктория Иванова жеңіп алды. Жобаның тақырыбы: Development of online mobile phone store-front «Fly» by LTD «ITL-KZ» болды. Екінші орын Николай Мануйловқа берілді. Қорғаған жобасының тақырыбы: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мехатроника зертханасы үшін Android платформасында штрих-кодтарды сәйкестендіру арқылы жабдықтарды идентификациялау модулін әзірлеу. Ал, үшінші орынды Кирилл Степанов иеленді. Жобаның тақырыбы: ЖК «A.A. Печенкин» үшін баспа материалдарын сатуға арналған интернет-дүкенін жасау болды.

Байқаудың соңында барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.


PDF