Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Мамандықтың жақсылары

Бүгін«Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары» факультетінде «Мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының жақсылары» атты жұмыс берушілердің қатысуымен үшінші курс студенттері арасында олимпиада өтті. Үш команда қатысты. Олар: «Келешек технологиялары», «Ғажайып», «Дарын» командалары.

Студенттердің білімін әділ төрешілер бағалады: Анара Исмаилова – А.Байтұрсынова атындағы ҚМУ-нің мансап және жұмысқа орналастыру орталығының меңгерушісі; Мадина Хасанова – Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары; Жадыра Байділдина Жадыра – «Агрогенетикс» ЖШС-нің директорының орынбасары.

Олимпиаданы өткізудің мақсаты – болашақ мамандарды дайындаудағы білім сапасын анықтау, студенттердің кәсіптік шеберлігін ары қарай жетілдіру, теориялық және тәжірибелік оқыту үрдісінен алынған білімдері мен біліктіліктерін тереңдету, бекіту, сонымен қатар университет түлектері мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

ФВиТЖ олимпиада

Олимпиада қортындысы бойынша «Келешек технологиялары» командасы жеңіске жетті. «Ғажайып» және «Дарын» командалары 2-ші және 3-ші орындарындарды өзара бөлісті.

Іс-шараның модераторлары – Ирина Брель-Киселева, Ләззат Селеуова.

ФВиТЖ олимпиада


PDF