Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Француз тілін оқытудағы заманауи үрдістер» атты семинар

4 наурыз күні сағат 14:00-де ҚМУ лингвистикалық зертханасында француз тілінің мұғалімдері мен оқытушылары үшін «Француз тілін оқытудағы заманауи үрдістер» тақырыбында семинар өткізілді. Шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Тричик М.В. сыныпта MOOC (Massive open online courses) арқылы оқыту және оны пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Аға оқытушы Медетова Э.Б. шетел тілдерін оқытудағы релаксация және шоғырлану әдістерін қолданудың шетелдік тәжірибесі туралы әңгімеледі. Француз мәдени орталығының үйлестірушісі Жамбуршинова Г.К. франкофондық көктемнің бағдарламасын ұсынды, мұғалімдер Франкофония апталығы үшін бірлескен іс-шараларды жоспарлады.

 

ҚМПУ, ЧелМУ, ҚӘТУ, политехникалық колледж, гимназия мектептерінің француз тілінің оқытушылары қатысты.https://vk.com/fleakostanayсілтемесі арқылы семинардың барлық материалдарымен танысуға болады. Семинардың модераторлары: Медетова Э.Б., Тричик М.В.


PDF