Ақпараттық-танымдық дәріс өткізу және ұлттық-патриоттық тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында ГӘФ-тің «Журналистика», «Филология» мамандықтарының және АТФ пен ВжМшТФ студенттері үшін Ы.Алтынсарин кесенесіне экскурсия ұйымдастырылды. Бұл іс-шара «Журналистика» мамандығының қазақ бөлімі студенттерінің бастамасымен өткізілді.
«Ұлы ұстазға тағзым» атты экскурсия барысында ұстаз-ағартушы, ғалым-этнограф, ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин және оның жерленген жерінде тұрғызылған кесене туралы мәлімет берілді, студент-жастар Ұлы ағартушының өлеңдерін жатқа айтты.
Мавзолейге келген жас ұрпақ қолдарына тырма, күрек, сыпырғыш ұстап, кесене аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Еліміздің тарихы мен мәдениетін білуге құштар, бабалардан қалған мұраны қастерлеуге, сақтауға ниет білдіруші жастардың бастамасы – басқаларға үлгі боларлықтай игі іс!