2017 жылдың 15-ші сәуірінде бас ғимараттың акт залында «Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған «Шаңырақ» театрының ұйымдастыруымен «Махаббат дастаны» атты лирикалық кеш өтті. Іс-шараға университет басшылығы мен барлық факультеттің студенттері қатысты.
Университетіміздің дарынды жастары сахналық шеберліктерін көпшілікке паш етті. Кеште махаббат туралы Қазақстанның белгілі ақын, жазушылардың өлеңдері оқылып, ән шырқалды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.