2016 жылдың 07 сәуірі күні, ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде іс-сапармен университетімізге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Есымханова Зейнегуль Клышбековна келді. Ол сапарының бірінші күні университет басшылығымен кездесті.
Есымханова З.К. университет ректоры Х.Х.Валиевпен, оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор А.А.Абсадыковпен,
ғылыми жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректор Ж.Б.Жарлыгасовпен және экономика факультетінің деканы Е.В.Васильчукпен кездесті.
Кездесу соңында ҚМУ ректоры университеттер арасында ғылым және білім саласы бойынша бірлесіп жұмыс жасау жөніндегі Меморандумға қол қойды.