Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қазақстан-Ұлы Дала Елі» атты қосымшасын көрсету рәсімі өткізілді

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің барлық факультеттерінде «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» атты қосымшасын көрсету рәсімі өткізілді.

 

(Қосымшаны заң факультетінде көрсету сәті)

 

 

 (Экономикалық факультетте дөңгелек үстелді өткізу сәті)

 

 

(Экономикалық факультетте қосымшаны көрсету сәті)

 

(Аграрлық-биологиялық факультетінде қосымшаны көрсету сәті)

Қазақстандықтар үшін бұл қосымша Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО-2017».

Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

Қосымша туралы мәлімет:

  • әрқайсысында жеке  фотогалереясы бар 68 тарау;
  • Барлығы 370-тен астам фотосурет;
  • 24 бейнеролик;
  • 12 3D объектісі;
  • 20 панорамалық фотосурет
  • 12 интерактивті 3D кескін;
  • 4 интерактивті 3D картасы.

Қосымшаны App Store және Play Market арқылы  жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына - Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет. Ал компьютерге арналған нұсқасын мына жерден жүктей аласыз. 

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» сандық қосымшасын таныстыратын қысқаша бейнероликпен келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://www.youtube.com/watch?v=AEzdm6cEpLw.

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина

 

 

 

 


PDF