Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған отырыс

2015 жылдың 13 қазанында эконмоикалық факультеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығына арналған, атап айтқанда жерлесіміз Қасым Ахметовтың естелігіне арналған ортақ отырыс өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – э.ғ.д., профессор С.М.Жиентаев.

Ортақ отырысқа ф.ғ.к., профессор Жакып К.Х., т.ғ.д., профессор Легкий Д.М., ф.ғ.к., профессор Бондаренко Ю.Я., т.ғ.к., доцент С.С.Исмаилов, т.ғ.д., профессор Айтмухамбетов А.А., экономикалық факультеттің профессорлы-оқытушылық құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Іс-шараның ерекше қонақтары Қостанай облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Укин  К.У. және К.Ахметовтың қарындасы Гульсум Ахметова болды.

Ахметов Касым 1939 жылдың қыркүйек айында Қостанай облысының Меңдіғара ауданының Төлеңгіт ауылынан әскер қатарына қосылды. Фин соғысының қатысушысы болды, кейін Ұлы Отан соғысының майдандарында ерлік көрсетті.

1943 жылдың шілде айында өткен осындай қақтығыстардың бірінде ол «Отан үшін», «Сталин үшін» деп үндеу салып, шабуылға бірінші болып шықты. Ахметов К. батырлығымен неміс тобының талқандалуына және кеңес әскері шабуылының сәтті өтуіне өз үлесін қосты.

Шайқастарда көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Ахметов К. І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы 1941-45жж» орденімен, Қызыл ту, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. 1943 жылдың желтоқсан айында 41-ші атқыштар дивизиясының 244-ші атқыштар полктің екінші атқыштар рота бөлімінің командирі қызметінде Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылды.


PDF