Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ЭФ-те «ҚР заңнамалық билігін қалыптастырудағы жастардың орны» туралы ортақ отырыс

2016 жылдың 25 ақпанында экономикалық факультеттің 103 аудиториясында «ҚР заңнамалық билігін қалыптастырудағы жастардың орны» тақырыбында участкелік сайлау комиссиясы мүшелерінің, факультеттің профессорлы-оқытушылық құрамының және экономикалық мамандықтардың 1-3 курс студенттерінің қатысуымен ортақ отырыс өткізілді. 

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты студенттік жастарды өз азаматтық белсенділігін арттыруға үндеу болып табылды.

Ортақ отырыс барысында э.ғ.д., экономика құжырасының профессоры С.М.Жиентаев елдің мемлекеттік билік органдарының қалыптасуы мен дамуының тарихи алғышарттары туралы сөз қозғады. Студенттік жастар атынан 5В050600-Экономика мамандығының 3 курс студенті Ханапина Айгерим ҚР заңнамалық билігін қалыптастырудағы жастардың орны туралы баяндамасымен шықты. 

Ортақ отырыс жұмысының барысында ҚР Парламенті мәжілісінің, облыстық және қалалық маслихаттарының депутаттарын сайлауын өткізу мерзімдері мен тәртібі туралы видеороликтер көрсетілді. 


PDF