Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ВжМШТ факультетінде өткен «Мен жастарға сенемін» атты өнер конкурсы

Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінде «Мен жастарға сенемін»  атты өнер конкурсыөтті.

2015 жылдың 18-ші қараша күні Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» өнер сайысы өтті.

Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің 1-ші курс студенттері әділқазылар назарына өз өнерлерін паш етті. Жиынның әділқазылар құрамында Тегза А. А. – В ж МШТФ деканы, Калиев Б. Н. –  ЦРМИ директоры, сонымен қатар жиынға Литвадан келген қонақтарымыз Гражина Янушнявичене және Жилайтис Витуолис болды.

Жиынға қатысушылар вокалды орындау, мәнерлеп оқу, хореография секілді әртүрлі жанрларда өнер көрсетті.

Жиын жүргізушілері  Рахым Жазира және Маркен Айбек.

Әділқазылар талқысына өздерінің вокалды өнерлерін көрсеткен: Тлеміс Мөлдір, Намазова Акбаян, Жумабаева Гаухар, Ізбасхан Назерке, Нуртазина Сауле, Рахым Жазира, Мырзашова Камила.

Аспапта ойнауда өнер көрсеткендер: Дауренов Рустем және Налобин Никита.

Мәнерлеп оқу жанырында өнер көрсеткендер Кемал Ұлбике, Қамбар Нұрғали және Шалкар Шарапат.

«Еркеназ» би дуэтінде Кадирова Гульнар және Капарова Салтанат көркем үнді биін биледі, Сорокина Анастасия орыс халқының ұлттық биімен өнер көрсетті.

Концерт көп көрермендер жинады, олар өздерінің жақсы әсерлерімен бөлісіп, конкурсқа қатысушыларға жаңа жетістіктерге жетуге тілектерін білдірді.  Жақын арада Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің «Мен жастарға сенемін» жастар өнері фестивалінің келесі этапына кім өткені белгілі болады.


PDF