Қазақстан тарихы кафедрасы Міржақып Дулатовтың 130-жылдығына арналған конференция өткізді.
2015 жылдың 10 желтоқсанында Қостанай мемлекеттік университетінде тарих және құқық факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырған «Міржақып Дулатов- қазақ ақыны және саяси қайраткер» атты студенттік конференция өтті. Бұл шара ақынның 130-жылдығына арналған еді.
Конференцияға университеттің «Ветеринарлық санитария», «МӨӨТ», «Биотехнология», «Аймақтану» мамандықтырының студенттері қатынасты. Конференцияға студенттер ақынның әдеби шығармашылығына, қоғамдық,саяси қызметіне арналған баяндамаларды даярлады, оның соңғы қасіретті жылдарын да сипаттаған баяндама талқыланды.
Қазақстан тарихы кафедрасы конференцияға баяндама жасаған келесі студенттерге алғыс білдіреді:
1. Нурдиллаева Маржанға
2. Сенбі Айғанымға
3. Жалымбеков Саятайға
4. Кушанбай Толегенге
5. Амиров Бекайдарға
6. Зейн Ұланға
7. Әмірғали Гүлімханға