Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қарашалық оқулар» конференциясы Қаржы және банк ісі кафедрасында

«Қарашалық оқулар» конференциясы Қаржы және банк ісі кафедрасында

«Қарашалық оқулар» атты дәстүрлі студенттік ғылыми-теориялық конференцияны қаржы және банк ісі кафедрасы жыл сайын қарашаның аяғы, желтоқсанның басы кезінде өткізеді. Студенттердің бұл шараға қатысулары, оларға аудитория алдында өз жұмыстарын қорғап, жұрт алдында сөйлеу тәжірибесіне машықтандырады, қызығу білдірген тақырыпты тереңнен зерттеуге, іздеу әдістерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. 

Конференция жұмысы нәтижесінде Республикалық студенттердің ғылыми жұмыстар конкурсына іріктеу өткізілді. Отырыс 2015 ж. 10 желтоқсан күні өтті, сағ.14-00, №2 ғимарат, 201 дәрісханада, модераторы – Годунов В.В.

Әділ қазылар алқасының құрамында қаржы және банк ісі кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент  Кенжебекова Д.С., т.х.к., доцент Жаналинов Б.Н., э.ғ.к., э.ғ.к.,доцент Сартанова Н.Т., э.ғ.к. Годунов В.В. болды.

Доценттер  Жаналинов Б.Н. пен Сартанова Н.Т. қызықты сұрақтар қойып, Қазақстанның қаржы жүйесіндегі кейбір мәселелеріне көіл аудартып, студенттік баянамаларға пікрлерін беріп отырды.

Конференция жұмысына қазақ тілінде оқитан топтардан қатысқан студенттер:

Жанбосынова Нургуль, Нурмаганбетова Айгуль, 4 курс, Смагұл Алибек, 3 курс, Айсина Алтынгуль Максатовна, 2 курс;

орыс тілінде оқитын топтардан:

4 курс студенттері Котельников Владислав, Аманов Танат, Митаева Марьям Абдул-Вагаповна, Аббасов Виталий, Утебаев Рустам, 2 курстан  Досова Мария, 3 курс, және Ержанова Сабина, 3 курстан.

Студенттер Қазақстан экономикасы мен қаржы жүйесінің өзекті мәселелерін қозғады: дефляция, проблеммалық несиелер, адамдық капитал, мемлекеттік кәсіпорындарды приватизациялау, электрондық коммерция, девальвация, сақтандыру, салықтық әкімшілік, индустриалдық аймақтар.


PDF