Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференциялар

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан тарихы кафедрасымен және Тарих және құқық факультетінің әлеуметтік кеңесімен екі конференция ұйымдастырылды

2015 жылдың 30-шы қарашасында Қостанай мемлекеттік университетінде тарих және құқық факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының  және Қостанай облысының жастар ұйымдарының қаымдастығы  Орталығының ұжымдары ұйымдастырған Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Қазақ хандығының қалыптасу тарихы» атты облыстық ғылыми-практикалық  конференция өтті.

Конференцияға Қостанай облысының жоғары оқу орындары  студенттері  және колледждердің оқытушылары мен мектеп оқушылары қатысты. Конфренцияда екі секция жұмыс істеді: 1.«Өлке тарихы-елдің тарихы»; 2. «Тәуелсіз Қазақстан тарихы». Конференцияға қатынасушылардың ғылыми жұмыстарын Ерменбаева Г.К. басқарған   Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлар мен оқытушылардан құралған  қазылар алқасы бағалады.

 

Ғылыми деңгейде және өзіндік авторлық көзқарасымен белгіленген баяндамалар грамоталар мен сыйлықтармен мараппатталды. Барлық конференцияға қатысқандардың өздері де, жетекшілері де сертификтқа ие болды.

2015 жылы 7 желтоқсанда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетінің ғылым жөніндегі Қоғамдық кеңесі үйымдастырған  Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Қазақстан территориясындағы мемлекеттің тарихи-құқық аспектілерінің қалыптасу және дамуы» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Шараның басты мақсаты ретінде Қазақстан территориясында мемлекеттіктің тарихи-құқық даму барысындағы негізгі мәселелерін талқылау болды.

Конференцияда  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетінің, гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің, аграрлық-биологиялық факультетінің, экономикалық факультетінің студенттері,ЧелМу Қостанай филиалының студенттері, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының тыңдаушылары, ҚМПИ студенттері  мен олардың ғылыми жетекшілері қатынасты.

Конференцияда  төрт секция жұмыс істеді, жеңімпаздар грамоталар мен сыйлықтармен мараппатталды. Конференцияны ұйымдастыруда А.Байтұрсынов атындағы тарих және құқық факультетінің Қоғамдық кеңесінің мүшелері белсенділік танытты. Олар- Исмаилов С.С., Укин С.К., Алдабергенова А.И., Оразбаев О.С., Ибраев Е.Е.

 


PDF