Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«KGU CUP XI» республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы

Бүгін, «Еxро-2017» көрмесіне арналған «KGU CUP XI» республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті. Турнирге Астана, Көкшетау, Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларынан 24 команда қатысты. Дәстүрлі турнирді университетіміздің «Ахмет ұрпақтары» зияткерлік пікірсайыс клубы ұйымдастырған еді. Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында «Үздік спикер» атағын Ауесханов Дәурен иеленсе, Аманжол Ботагөз «Үздік төреші» титулына ие болды. Финалдық ойындар нәтижесі бойынша: 1-ші орынды Сембиев Әділет пен Ерқанат Нұрахметтен құрылған «Мы как Харви, только дебатеры» (Көкшетау қ.) командасы алса, 2-ші орынды Бекарыстан Аманжолов пен Нұртуған Өмірзақ (Астана қ.) алды. Ал, 3-ші орын Астаналық пікірсайысшы қыздар Алима Егінбаева мен Мақпал Үмбетоваға берілді.


PDF