Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

KAIST (Корея) институтында өткізілген семинарға ҚМУ басшылары қатысты

2016 жылдың маусым айының басында «Назарбаев университетінің» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары басшыларын (топ-менеджерлерін) даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында Кореяның KAIST институтында бескүндік семинар өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстандағы университет басшыларының білім жүйесіндегі біліктіліктерін арттырып, Қазақстандық жоғары оқу орындардың дербестігін тәжірибе жүзінде жетілдіру болып табылады.


Заманауи KAIST институты - экономиканың жоғары технологиялық секторы мен инженерия саласында зерттеулер жүргізетін, сол салаларға мамандар дайындайтын жоғары оқу орны. Әлемдік рейтингте KAIST елу озық оқу ордасының қатарында болса, Азия құрлығында ол алғашқы ондықта. Ал инженерлік сала мамандарын дайындау деңгейі бойынша KAIST әлемдегі жиырма оқу орнының қатарына енеді.

Жоғарыда айтылған іс-шараға Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті атынан, оқу және тәрбие жұмысының проректоры, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Ахметұлы Әбсадықов пен ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрім Тұңғышбайұлы Байманқұлов қатысу құрметіне ие болды.

Алмасбек Әбсадықовтың айтуы бойынша, Корея елінің жеріне алғаш рет келуі. Алған әсері шексіз. Бес күн бойы жоғары оқу орындарының  басшылары «Кәсіби даму» атты бағдарлама бойынша баяндама оқып, дәріс тыңдап, жұмыс жасады. Нәтижесінде Сеулдің батыс бөлігіне саяхат жасап, Корея халқымен, ғимараттарымен, сондай –ақ,  мәдениетімен кеңінен танысу бүмкіндігі бұйырды. Кореяда білім алуға, ғылыммен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалған.

«Жоғары оқу орындары басшыларын даярлау және біліктілігін арттыру» бағыты бойынша ұйымдастырылған жалпы курстардың бірінші кезеңі – Назарбаев университетінің жоғары мектебінде, екінші кезеңі – Оңтүстік Кореяда өткізілген болса, қорытынды кезеңі осы жылдың күз мезгілінде қайтадан Назарбаев университетінде жалғасын табатын болады.

Осындай тәжірибе алмасу іссапарлардың өткізілуі, жалпы Қазақстандық оқу жүйесіне берері мол.

Толық ақпаратты көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар  http://abai.kz/post/view?id=8642

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина

 

 


PDF