Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«К. Маркстың және Л. Гумилевтың философиялық мұрасы аясында тарихи әдістемелік мәселелерді зерттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «К. Маркстың және Л. Гумилевтың философиялық мұрасы аясында тарихи әдістемелік мәселелерді зерттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел философия кафедрасының мүшелерімен ұйымдастырылды. Іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  философтары мен тарихшылары, Челябі мемлекеттік университетінің қоғамтанушылары, ҚР ІІМ Қостанай академиясының қызметкерлері және студенттер қатысты.

Жиын барысында тарихи танымдағы тарих әдістемесінің рөлімен түсініктемесі, тарихи шындықты зерттеудегі К. Маркстың және Л. Гумилевтың философиялық мұрасының орны жайлы өте қызықты ой-пікірлер айтылып, көптеген сұрақтар талқыланды.

Іс-шараның модераторы, профессор С.А. Қолдыбаевтың айтуы бойынша, осындай кездесулер қазіргі қоғам үшін өте пайдалы.  Студенттердің кездесу барысында көтерілген сұрақтарға деген қызығушылығы ерекше болды.

Дөңгелек үстел материалдары бойынша электрондық жинағының басылымы жоспарлануда. Электрондық жинаққа материалдар мамырдың 1-не дейін қабылданатынын ескертеміз. 


PDF