А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ мәжіліс залында тәрбие жұмысы жөніндегі Басқармасы және этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығы, оның жетекшісі Жангелді Арсенұлы Шаукенов, тарих ғылымдарының кандидаты, «Марал Ишан» мешітінің имамы - Бақытбек қажы Нұрғабылұлы Тәжімбет, қалалық мешіттің бас имамы - Шоқан қажы Ғазизұлы Әмірханов, Қостанай облысының әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы - Н.Әбішев студенттермен кездесті.
Олар «Ислам және зайырлы қоғам» 1-курс студенттеріне дәріс оқыды. Кездесуде діннің бала тәрбиесіндегі, қоғамдағы орны жайлы көптеген деректер айтылды.