IQ - Интеллектуалдық квест: Қаланың құпиялары
2015 жылдың 14 қарашасында экономикалық факультетте «IQ - Интеллектуалдық квест: Қаланың құпиялары» іс-шарасы өтті. Аталған іс-шара экономикалық факультет студенттерінің және «Спарта» интеллектуалдық клубы мүшелерінің көмегімен ұйымдастырылды.
Интеллектуалдық ойын университетіміздің көптеген студенттерінің басын қосты. Ойынға 6 команда қатысты, оларға интеллектуалдық сипатты бірқатар күрделі сұрақтарды шешуге ұсынылды. Биыл тапсырмалар орналасқан станциялар Қостанай қаласының тұрғындары үшін таныс болып табылатын қаламыздың әр түрлі бөліктерінде орналасты.
Квест нәтижелері бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
I орын: "Умные спортики" (экономикалық және инженерлі-техникалық факультеттері студенттерінің құрама командасы);
II орын: "Чудаки с ИТФ" (инженерлі-техникалық және ақпараттық технологиялар факультеттері студенттерінің құрама командасы);
III орын: "Выхода нет" тобы (экономикалық факультет командасы).
Жеңімпаздар бағалы естеліктермен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ойыншылар арасындағы Instagram – ға сурет (селфи) салу жеке сайысының жеңімпазы 1 курс студенті Осадчая Анастасия болды.