«Экономика және басқару» атты III Бүкіл Ресейлік студенттердің интернет-олимпиадасы (компьютерлік іскерлік ойындарды пайдалану «Бизнес курс – максимум»)
2016 жылы 16 ақпанда «Экономика және басқару» (компьютерлік іскерлік ойындарды пайдалану «Бизнес курс – максимум») атты III Бүкіл Ресейлік студенттер интернет-олимпиадасына 5В051000-МжЖБ, және 5В050700-Менеджмент мамандығының студенттері қатысты.
Олимпиаданы өткізу ережелері мен Регламенттеріне сәйкес олимпиада «Ғылым әлемі» ҒЗО базасында өткізілді. Л.И. Вострецов –ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Ғылым әлемі» ҒЗО директоры олимпиада әкімшісі болды.
Олимпиада өткізудің мақсаттарды жоғары оқу орындарындағы студенттер мен магистранттардың негізгі және қаржы менеджменттің дайындық деңгейлерін және нарықтық бәсекелестік жағдайында олардың басқарушылық шешімдерін қабылдау қабілеттілігін анықтау.
Олимпиада компьютерлік базада іскерлік (кәсіптік) ойындар «Бизнес курс:Максимум» ұжымдық жарыс түрінде өткізілді. Олимпиада да орындар рейтингке кәсіптік ойындарға командалық- қатысушылардың жинақталуымен байланысты бөлінді.
Бір командада 3-тен артық адам қатыстырылмады. Басқару және іскерлік администрация кафедрасынан ұжымынан 2 команда қатысты.
Балкин Р.И.- мамандығы 5В051000-МжЖБ, 4 курс;
Максут А.Р. - мамандығы 5В051000-МжЖБ, 3 курс;
Абишева К.А.- мамандығы 5В051000-МжЖБ,3 курс.
2. «Халықтар достығы» командасы
Магамбетов Р.А.- мамандығы 5В050700-Менедмент, 4 курс;
Кусманов Т.Б.- мамандығы 5В050700-Менедмент, 4 курс;
Айтпаев К.К.- мамандығы 5В050700-Менедмент, 4 курс.
Ойын 10-15 минутқа созылған ойындық айналымнан тұрды. (1 айналым 1 айды қамтиды) Біздің командалар 17 ойын айналымын ұстай алды.
Жүлделі орын ала алмаған қатысушылар қатысқаны үшін мадақтама және сертификаттармен марапатталады. Негізінен интернет- олимпиадаға қатысуды үлкен жетістік деп санауға болады ,өйткені біз бұл іс шараға және команда ретінде қатыстық олимпиаданы ұйымдастырушылык біздің студенттер жайлы жақсы пікір қалдырды