Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ЭФ-те өткен «Менің Президентім» атты зияткерлік ойыны

Экономикалық факультетте өткен «Менің Президентім»  зияткерлік ойыны

30 қараша күні экономикалық факультетінің қабырғасында бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамын тойлауға арналған «Менің Президентім»  атты зияткерлік ойыны өтті.

 Ойынға кафедраның 3 және 4 курс студенттерінің құрамалары қатысты. Ойын 2 турда өткізілді.Бірінші турда құрамалар кезектесіп келесі сұрақтарға жауап берді: еліміздің  даму тарихы туралы,  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, еліміздің бас қаласы Астананың қалыптасу кезеңдері туралы, тек қана өз еліміздің тарихына үлкен үлес қосқан емес, дүние жүзіне атышулы атақты қазақстандықтар туралы. Екінші турда команда капитандары «Егер мен  Президент болсам» атты шешендік сайыста күш сынасты.


PDF