Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Институционалдық экономика және оның ЭурАзЭҚ-да тәжірибелік қолдануы» тақырыбында семинар өтті

Ғылыми тағылымдама аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың «Экономика» мамандығының магистранттары Омск Ф.М. Достоевский атындағы мемлекеттік университетінің (Ресей) экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, Халықаралық институционалды зерттеулер ассоциациясының басқарма мүшесі, Омск экономикалық мәдениет орталығының негізін қалаушы Евгений Капогузов өткізген «Институционалдық экономика және оның ЭурАзЭҚ-да тәжірибелік қолдануы» атты семинарға қатысты.

Мектеп-семинардың өткізілу мақсаты: ұлттық экономикалық жүйені жаңа институционалды экономикалық теорияның көмегімен  институционалдық тұрғыдан талдау қабілеттерін дамыту. Іс-шарада институционалды талдау қабілетінің дамуы, қатысушылардың экономикалық институттардың жұмыс істеу экономикалық негізі мен салдарын түсінуі, экономикалық теорияның қосымшаларын қолдану, сонымен қатар аналитикалық және кәсіби құзыреттің дамуы мәселелері қарастырылды.

Семинардың соңында шетел профессоры магистранттар үшін ғылыми кеңес өткізді.


PDF