Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ИННОВА - 2019

2019 ж. 17 қаңтарда жыл сайын өтетін ғылыми-әдістемелік «ИННОВА-2019» конференциясы өтті.

Конференция жұмысы Қазақстан білім берудің заманауи мәселелерін, бәсекеге қабілетті маманның жаңа моделінің инновациялық көздерін талқылауға бағытталған.

Конференция жұмысына тек біздің университеттің ғана емес, сонымен қатар Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің және Н.Ф. Қатанов атындағы Хакас университетінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты.

Конференция аясында 3 секция бойынша жұмыс істеді: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық»; «Қазақстанды цифрландыру: білім берудегі АТ-технологиялар»; «Әдістемелік идеялардың 0n-line панорамасы» жоба шеңберінде аударылған оқулықтарды білім беру процесіне еңгізу және 2 дөңгелек үстел: «Мамандарды дайындауда көптілді оқытудың құзыреттілік тәсілі»; «Эразмус+бағдарламасының жобаларына қатысу арқылы жоғары білімнің әлеуетін арттыру тәжірибесі».

Конференция материалдары бойынша конференция материалдарының электронды жинағы жарияланады. Мақалалар келесі ЖОО-дан ұсынылды: Астана қ.  Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Семей қ. Шәкәрім атындағы Университеті, Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Алматы қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ, Мәскеу қ. Ресей Жаңа университеті, Абақан қ. Н.Ф.Катанов атындағы ХМУ және Түмен мемлекеттік университеті.

 

                            

 

                                                                                         


PDF