2016 жылдың 15 қаңтарында «ИННОВА-2016» атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары және оқытушылары қатысты.
Конференция жұмысы 4 бағыт бойынша ұйымдастырылып, келесі өзекті мәселелер қарастырылды: жоғары мектептегі оқытушының заманауи рөлі, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үрдісін жетілдіру, практикаға бағдарланған оқыту ісін дамыту, жоғары мектеп жүйесіндегі көптілді білім беру: тенденциялар мен перспективалар.
Жұмыс нәтижелері бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы жарияланады.