2017 жылдың ақпан айының 6-8 аралығында бағдарламаны қамтамасыз ету кафедрасында ИИДМБ-2 оқу бөлігін жүзеге асыру аясында магистрлік жобаларды қорғау өтті. Қорғауға инновациялық кәсіпорындардың өкілдері және Г.И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің ғылым докторы Е.П Романов қатысты. Магистранттар магистрлік диссертацияны қазақ, орыс және ағылшын тілінде қорғап, өздері әзірлеген мехатронды модульдердің түрлі үлгілері мен конструкцияларын көрсетті. Аттестация комиссиясы ұсынылған жобалардың жоғары ғылыми және практикалық маңыздылығын атап өтті. Орындалған жұмыстардың өзектілігі өндіріске енгізу актімен расталды.