Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттердің ҒЗЖ Республикалық конкурсының I туры

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  арасында ғылыми-зерттеулік  жұмыстардың Республикалық конкурсының I туры

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім Департаменті жыл сайын  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің  арасында ғылыми-зерттеулік  жұмыстардың Республикалық конкурсын өткізеді.

На экономическом факультете КГУ им. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономикалық факультетінде республикалық конкурстың бірінші туры 2015 жылдың 11 желтоқсан күні №2 ғимараттың 103 дәрісханасында өтті.

Қазақстан экономикасының дамуының өзекті сұрақтары бойынша 16  баяндама талқыланды: органикалық өнімдер нарығы, мүгедектерді қатарға қосу орталықтарын ұйымдастыру, дәрігерлік қызмет нарығы, ДСҰ, демография, жанама салықтар, орта және кіші бизнес, «жасыл экономика», лизинг, адамдық капитал, мемлекттік кәсіпорындарды жекешелендіру, электрондық коммерция, сақтандыру секторы, салықтық әкімшілік, «Аялдамалар павильондарын ұйымдастыру» жобасы, «Флокирование» жобасы.

Конкурсқа келесі студенттер қатысты: Емельянова Ангелина, Радько Марина, Кусманов Тимур, Слюсар Николай, Ауешева Айгерим, Абикеева Динара, Басова Екатерина, Гауэрт Татьяна, Кваша Артем, Морозова Анастасия, Котельников Владислав, Смагұл Алибек, Утебаев Рустам, Митаева Марьям, Аббасов Виталий.


PDF