«Парасаты жастар» бизнес-жобалар байқауының I кезеңі ЭФ-те
2015 жылдың 4 желтоқсаны күні экономикалық факультетте «Парасаты жастар» бизнес-жобалары байқауының I кезеңі өтті. Деканның ғылыми істер жөнідегі орынбасары э.ғ.к., «Қаржы және банк ісі» кафедрасының доценті Н.Т. Сартанова басшылық еткен әділ қазылар алқасы экономикалық факультеттің барлық мамандықтарының 30 шақты 1-4 курс студенттері ұсынған 21 бизнес-жобаларды талқыға салды.
Қарыстырылған жобалар түрлі бағыттарды қамтыды: тамақ өнімдерін шығарудан, ғылыми технологияны ендіруге дейін.
Әділ қазылар алқасы әлеуметтік-экономикалық әсері және нақты негізі бар жобаларды іріктеп алды.