1 маусым балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халық
аралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйел-
дер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. БҰҰ бұл бастаманы қолдады және балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің
басымды бағыты деп жариялады. Қостанай мемлекеттік университеті жыл сайын өз қызметкерлерінің балаларына арналған мереке өткізеді. Биыл да 13 жасқа дейінгі
150-ден астам бала мерекені спорттық жарыстармен, түрлі ойындармен атап өту үшін университет спортзалына жиналды. Спорт жарыстарынан кейін балаларға дәмді
түскі ас берілді.
Университеттің кәсіподақ комитеті – іс-шараның демеушісі.
PDF