2016 жылдың 27 қазанында ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ашық есік күні» шарасын өткізді. ҚМУ-дың МжЖБ мамандығының 3 курс студенттері және эдвайзер Г.Есімхан «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне барып, ХҚКО жұмысымен жақынырақ танысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алды. Қызмет көрсету орталығының қызметкерлері барлық тілек білдірушілерге жұмыс барысында қолданылатын техникалық жаңалықтармен және құжаттарды қабылдауды бақылау жүйесімен таныстырды. ХҚКО дирекоры Еркін Қызырұлы жеке қабылдау өткізді. Сонымен қатар, 28 қазанда бұл орталықтың қызметкерлері университетіміздің «Мемллекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттерімен мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша кездесу өткізді.