Экология кафедрасының оқытушылары З.Г. Жокушева, С.К.Кожевников және 3 курс студентті С. Тайшибай халықаралық қысқы суда жүзетін және су маңайындағы құстарды санау жұмысына қатысты (IWC – International Waterbird Census). Қазақстанда санақ жұмысын (ҚБСА) Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымдастырды.
Синхронды санау жұмыстарының негізгі мақсаты – жүзетін құстардың нақты санын белгілеп, сирек кездесетін түрлерін анықтау болып табылады. Мамандар жиналған ақпарат негізінде, сирек кездесетін құстардың қазіргі жағдайын анықтап, оларды сақтап қалу іс-шараларын жүргізуде.
ҚМУ-дың бақылаушылар тобы құстарды Қостанай қаласының Тобыл өзенінде, Рудный қаласының Соколов-Сарбай жинағы мен Қаратомар суқоймасында бақылау жұмыстарын өткізді. Нәтижесінде, біздің аймақта барылдауық (жабайы үйрек), сұр үйректер қыстап жатқаны анықталды.