Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Халықаралық академиялық қозғалыс және магистратурадағы екі диплом бағдарламасы

24-мамыр күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде  «Халықаралық академиялық қозғалыс және магистратурадағы екі диплом бағдарламасы» тақырыбында  онлайн-конференция өтті. Конференцияға Ресейдің  Александр және Николай Столетовтар атындағы Владимирский мемлекеттік университетінің өкілдері ғаламтор  желісі арқылы тікелей қосылды. Іс-шараның мақсаты - Қазақстанның және Ресейдің жоғарғы оқу орындарының академиялық қозғалысын жетілдіру. Ал міндеті: бірлесіп жұмыс істеу мүмкіншілігін және оның бағыттарын анықтау. Сондай-ақ екі елде бір-бірінің  оқу құжаттарын жарамды деп тануға жұмыс жасау, еркін магистрлік тәжірибеден өту.

онлайнконф

Онлайн-кездесу барысында бірнеше баяндамалар тыңдалды.  Іс-шара соңында университеттер өкілдері академиялық қозғалыс және магистратурадағы екі диплом бағдарламасы аясында екі жақты келісім жасау керек  деп шешті. 

онлайн


PDF