Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде ашық есік күні өтті

Инновация айы іс-шаралары аясында гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде «Мамандық ұраны» атты ашық есік күні өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы. Концертке Қостанай облысы аудандарының және қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары шақырылды. Кездесудің мақсаты А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті студенттерінің шығармашылық және іскерлік, ғылыми және әдістемелік мүмкіндіктері туралы көрсетіп, айту болды.

Факультеттің оқытушылары мен студенттері концертке жақсы пікірлері мен әр мамандық жайлы таныстыру сөздерін дайындады. Концерттен соң түлектер кафедраларға экскурсия жасап, журналистика мамандығы бойынша медиа-студия және басқа да зертханалардың жұмысымен, болашақ оқытушыларымен танысып, пікір алмасты.  

Гәф ашық есік күні

ГӘФ ашық есік күні


PDF