Бас ғимараттың акт залында «Психология» мамандығында біліп алып жатқан 4 курс студентерінің оқуы аяқталуына арналған мерекелік кеш іс-шарасы өтті. Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің деканы С.Ж.Берденова мен психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі С.Т.Жумарова оқуда өздерінің жоғары белсенділіктерін көрсеткен студенттерге арнайы алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын тапсырды. Топ эдвайзері О.В.Ельчищева әр студенттің еренкшеліктерін атап арнайы өзі дайындаған «психологиялық» мадақтамаларды тапсырды. Студенттер де қалыс қалмай ГӘФ оқытушыларына жоғары білім беріп, кәсіби тұрғыдан дамуға септігін тигізгендері үшін алғыстарын білдірді. Кештің соңында 4 курс старостасы С.Ткенова 3 курс старостасы А.Колпаковаға «Психология білім кілтін» тапсырды. Кеш жоғары деңгейде өтті. Студенттер бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жаңа өмірде шығармашылық табыс тіледі.