Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ГӘФ студенттері ауған соғысының ардагерлерімен жүздесті


3 мамыр күні Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу залында Отан қорғаушылар күні мерекесінің қарсаңында ҚМУ студенттері ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Соғыс ардагерлері сол бір сұрапыл жылдарын, әскери міндеттерін өтеу кезінде сарбаздардың  бастарынан өткерген қиындықтарын, оған қоса жалпы әскери қызмет жөнінде жастарға баяндап берді. Отанға деген махаббат және патриоттық сезім тақырыбында мағыналы, әрі мәнді сөздер айтылды.

Мереке құрметіне факультет студенттері кішігірім концерт ұйымдастырды. Онда «Братские могилы», «Служба»  өлеңдері оқылып, «Идет солдат по городу» және «Сарбаздар әні» сынды әуендер шырқалды.

Қонақтардың айтуынша студенттерді аға ұрпақтың жауынгерлік қасиеттеріне сай тәрбиелеу, ерлік жəне батырлық жайлы өлең оқу жастардың Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады.

Соғыс майталмандары болашақ Отан қорғаушыларға батыл, ержүрек, тапқыр жəне ең бастысы Отанға адал болуларын тіледі. Кездесуді ұйымдастырушылар осындай тағылымы мол кездесулердің дәстүрлі түрде өтетіндігін айтты.    


PDF