Француз мәдениет орталығында өткен француз тіліндегі аймақтық ән байқауында тамаша өнер көрсеткен «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенті Гаухар Рүстемқызы 11-ші ұлттық франкофондық ән байқауына жолдама алған болатын. «Франкофондық» ән байқауы Алматыдағы Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Аталмыш бәйгеде оза шапқан ҚМУ студенті жүлделі 1-ші орынды жеңіп алды. Онда қазылар алқасы қатысушылардың вокалдық мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар француз тілінің дұрыс дыбысталуын, фонетикасын да бағалады. Байқау нәтижесі бойынша Гаухар Францияға екі апталық тіл жетілдіру курсына барады.
Тек оқу ордасының ғана емес, Қазақстанның жалауын шет елдерде желбіретіп жүрген дарынды қызымызға шығармашылық табыс тілейміз, алар асуларың көп болсын!
Төмендегі сілтеме арқылы Алматы қаласында өткен сайысты көруге болады https://vk.com/wall-101192202_206