Қостанай – сыбайлас жемқорлықтан тыс аймақ
Желтоқсанның 9-жұлдызында «Мирас» қалалық мәдениет үйінде Бүкіл әлемдік халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Күнге арналған «Қостанай – сыбайлас жемқорлықтан еркін аймақ» форумын ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен ұйымдастырды.
Оған облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының Қостанай областық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, қоғамдық бірлестік, саяси партиялар өкілдері, 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттері қатысты.
Форум барысында «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық конкурстың жеңімпаздары атанған А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 2 курс студенті А.Таңатқанова марапатталды. Сонымен қатар басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының меңгерушісі Мустафина А.С. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосқан үлесі үшін марапатталды.
Департамент басшысы Данияр Үсенов атап өткендей «Бірлескен іс-шаралар жасау өміріміздің барлық салаларында кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға әкеліп соғады».