Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ЭФ-те «Мен жастарға сенемін» жыл сайынғы фестивалі өтті

2015 жылдың 19 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ акт залының сахнасында экономикалық факультетінің 1 курс студенттерінің арасындағы «Мен жастарға сенемін» жыл сайынғы фестивалі өтті.

Біздің студенттер көрермендердің назарына әр түрлі жанрлардағы өнерлерін ұсынды: вокалдық орындау, көркемсөз өнері, ерекше жанр және би. Жас таланттарды қолдау үшін фестивальға 5В050600-Экономика мамандығының 4 курс студенті Шукпарова Шолпан және 2 курс студенттері Темірбек Нұрбек пен Айсина Алтынгуль қатысты.

Фестивальдың лауреаттары болып атанды:

1.Олжабаева Диана - "Любовь настала" әнімен 5В050600-Экономика мамандығының студенті;

2. Емцова Ася - "Тәуелсіз ел тірегі" өлеңін оқыған 5В050900-Қаржы мамандығының студенті;

3. КВН ойыны бойынша экономикалық факультеттің 1 куср студенттерінің құрама командасы.

Қатысушылар дипломының иегерлері болып атанды:

1. Аманжолов Багдат - "И через года" әнімен 5В050800-Есеп және аудит мамандығының студенті;

2. Тукумбаева Эра и Жармухамедова Мариям - «Реальная жизнь» 5В050800-Есеп және аудит мамандығының студенттері;

3. Сейтжан Айнаш - "Анашым" өлеңін оқыған 5В051000-МЖБ мамандығының студенті;

4. Амренова Алмира - "О войне" өлеңін оқыған 5В051000-МЖБ мамандығының студенті;

5. Құрмантай Іңкәр - "Астана" өлеңімен 5В050600-Экономика мамандығының студенті;

6. Кильтаев Азамат – сиқыр өнерінің шебері 5В050900-Қаржы мамандығының студенті.

«Сегіз қырлы, біз сырлы» студенттерімізді фестивальға қатысуымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс және жаңа белестерден көріне беруіңіздеріне тілектеспіз!

Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге өз үлесін қосқан экономикалық факультетінің студенттік белсенділері Балкин Романға, Кульпеисов Серікке, Карашин Еламанға, Ажигалиева Асельге, Туякбаев Абайға және кештің тамаша жүргізушілері – 1 курс студенттері Казакпаева Жанна мен Хамзин Нуржанбекке алғысымызды білдіреміз.


PDF