Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Факультеттің үздік кураторы» байқауы

2017 жылдың 6 сәуірінде ҚМУ-дың гуманитарлық-әлеуметтік факультетінде «Факультеттің үздік кураторы» байқауы өтті. Іріктеу кезеңнің нәтижелері бойынша факультеттің 3 кафедрасының үздік кураторлары финалға жолдама алды: психология және педагогика кафедрасының оқытушысы Ибраева Гүлзат Хамзақызы, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Төлегенова Шынар Исланбекқызы, шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы Аймұханова Дарина Темірқызы.

Финалда байқауға қатысушылар өздерінің куратор ретіндегі жұмысын көпшіліктің назарына ұсынып, кураторлық сағаттың үзіндісі арқылы студенттермен жұмыс жасау дағдысын көрсете білді. Байқау жоғары деңгейде өтті. Өз кураторларын қолдау үшін студенттер де келді. Нәтижесінде, 1-ші орынды  Төлегенова Шынар Исланбекқызы, 2-ші орынды Аймұханова Дарина Темірқызы, 3-ші орынды Ибраева Гүлзат Хамзақызы жеңіп алды.

Байқауды ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.


PDF