2016 жылдың 26 қазанында «Білім орталығы» ҒК-да инженерлік-техникалық факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен «Этикеттің алтын ережелері» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараға студенттер белсенді түрде қатысып, қоғамдық ортада, театрда, қонақта тәрбиелі адам қалай өзін ұстау керектігіне тоқталып, дастарханды жаю, ыдыс-аяқты қою ережелері жөнінде баяндамаларын оқыды. Іс-шараға гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті Досова Алма Төлегенқызы модератор ретінде қатысып, студенттерге дәріс оқыды. Аталған тақырып бойынша студенттердің қызығушылығы өте жоғары екендігі, модераторға қойылған сұрақтардан белгілі болды.