Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Ерлік сабағы». Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу

  А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің №2 ғимаратында экономикалық факультеттің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысының батырларына арналған «Ерлік сабағы» өтті. Аталған іс-шара   жастардың бойындағы  патриоттық сезімді күшейту, елінің, Отанының алдындағы парызы туралы ұмытпау керектігін ұғындыру  мақсатында ұйымдастырылды.  

Батыр аталарымыздың  ерігі туралы ұрпақтарынан  есту іс-шараның негізгі ерекшелігі болды. Ұлы Отан соғысының ардагері Мозговой Александр Петровичтің ерліктері туралы оның немересі, экономика кафедрасының оқытушысы А. Ковалёнок баяндады.  Александр Мозговой 1942 жылы өткен Мәскеу маңындағы шайқастардың, Орша маңындағы Ельня қаласы үшін өткен шайқастардың қатысушысы болды және «За Отвагу», «За победу над Германией» медальдарымен, Отандық соғыстың 2-ші дәрежелі орденімен марапатталды.

ЭФ

Студенттер соғыс жылдарының ауыртпалықтары туралы әңгімелерге шынайы қызығушылық танытты. Сондай-ақ, соғыс батырларының қайсарлығы мен батылдықтарын жырлайтын өлең жолдары оқылып, әндер айтылды.

 «Жеңіс күні» қарсаңында экономикалық факультетінің белсенді студенттері Ұлы Отан соғысының ардагері, Орталық, 3-ші Беларусь майдандарындағы шайқастардың қатысушысы Котелевский Иван Григорьевичке қонаққа барды.  

серпин

Иван Григорьевич студенттерді қуана-қуана қарсы алды және соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастардың  ел тарихына немқұрайлы қарамайтындықтарына ризашылығын айтты. 


PDF