2016 жылдың 24 маусымында университетімізде ҚМУ-дің халықаралық байланыстар бөлімі ұйымдастырған семинар өтті. Іс-шараның басты тақырыбы ERASMUS+ бағдарламасы аясындағы жоба өтінімдерінің жазылуы бойынша сұрақтары болды.
ERASMUS+ бағдарламасының ең басты мәселесі «жоғары білім берудің мүмкіндіктерін арттыру» тақырыбы қарастырылды. Аталған компонент ЖОО-ы мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, басқаруды жетілдіру, оқу орындарға басшылық жасау, оқытудың заманауи әдістеріне, сондай –ақ, көпжақты әріптестікке негізделіп, бағдарламалар мен оқу жоспарларын жаңғыртып әзірлеуге бағытталып, бірлескен және құрылымдық жобаларды қаржыландыруды қамтиды.
Семинар барысында Еуропалық Одақ қаржыландыратын ERASMUS+ бағдарламасының халықаралық грант жобаларына қатысу үшін жобалық өтінімдерді жазумен қатар, халықаралық әріптестік саласындағы байланыстарды жақсарту туралы практикалық тақырыптар төңірегінде біраз сұрақтар қойылып, қорытынды жасалды.
ҚМУ-дің баспасөз хатшысы: Алла Чечёткина