А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының зертханасында «Эмоционалды күйді реттеу» атты семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараның модераторлары лаборанттар Жанагүл Ромашева мен Гүлзат Ибраева болды. Тренингтің негізгі мақсаты – қатысушыларды психологиялық өзін-өзі реттеу тәсілдерімен таныстыру, нәтижелі жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау. Тренинг барысында қатысушылар деструктивті және стереотипті күйзелу жағдайларды алдын-алу тәсілдерін игерді. Іс-шараның аяғында босаңсуға, эмоциялық ширығуды алып тастауға және әрі қарай табысты жұмысқа бейімделуге бағытталған жаттығулар орындалды.