Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Елбасының кезекті Жолдауының тікелей көрсетілімі

     Бүгін, 2015 жылдың 30 қараша күні А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің конференц-залында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Казақстан халқына  жолдауының тікелей көрсетілімі болды.

     Көрсетілімге Университетіміздің басшылары, жеке құрам, профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер және республикалық, жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, ықыласпен тыңдады.

     Бір жарым сағатқа созылған биылғы жолдауда Елбасы, елді дағдарыстан еш қиналмай шығатын жолдарын айтып өтті.

    Жолдауда ҚР Президенті Н. Назарбаев «Нұрлы жол», «2030-стратегиясы», «100 нақты қадам» ұлт  жоспарымен таныстырды. Одан кейін медицина, білім және әлеуметтік сала өкілдерінің айлығы мардымды көтерілетінін құлағдар етті.

      Жолдауды ықыласпен тыңдаған оқытушылар, студенттер Жолдау соңында БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, өз ойларымен бөлісті.


PDF