Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Экономист күніне» арналған семинар-байқау өтті

ҚМУ-дың экономика факультетінде «Экономист күніне» арналған семинар-байқау өткізілді. Аталған іс-шараға факультеттің  10 оқытушысы мен 30 студенті қатысты. Сайыстың негізгі мақсаты: экономиканың мән-жайын түсініп, студеттер мен оқытушылар арасында байланыс орнатып, бірігіп жұмыс жасау болды. Қатысушылар ойын әдістерін қолдана отырып, байқау сұрақтарына жауап берді. Нәтижесінде жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен мадақтау қағаздары тапсырылды. Іс-шара қызықты және жоғары деңгейде өтті.


PDF