Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономикалық факультеттің «Үздік кураторы» байқауы өтті

ҚМУ-дың экономикалық факультетінде «Үздік куратор» байқауы өтті. Сайыс екі кезеңнен тұрды: бірінші – іріктеу, екінші – куратормен танысу және кураторлық топпен жұмыс жасау. Бірінші кезең аяқталған соң, бірден екінші кезең басталды. Онда кураторлар студенттермен жұмыс жүргізу қабілеттерін көрсетіп, өздерін презентация мен өлең шумақтары арқылы таныстырды. Кураторлардың жанкүйерлері өз жетекшілерін қолдап, белсенділіктерін көрсетті.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды: 1-ші орынды экономика факультетінің оқытушысы Гүлзат Байзақова иеленсе, 2-ші орын қаржы және банк ісі кафедрасының оқытушысы Айнұр Салькинаға берілді. Ал, 3-ші орынды басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының оқытушысы Диана Мұратова жеңіп алды.

Нәтижесінде Гүлзат Байзақова экономикалық факультеттің «Үздік кураторы» атағына ие болып,  ҚМУ-дың «Жылдың үздік кураторы» сайысына жолдама алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар байқаудың өтуіне септігін тигізген және белсенділік танытқан кураторларға алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.


PDF