Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономикалық факультет Наурыз мейрамын қарсы алды!

Наурыз мейрамы – Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тойланатын көктемнің жаңару мерекесі. Бұл мереке көктемнің жаңару, махаббат пен достықтың, жемістіліктің белгісі болып табылады. 

Наурыз – бұл жаңа жылдың басталуы, көктемнің келуі, жер бетіндегі барлық жандының қайта туу күні. Мерекенің келуімен қазақ халқы бір-біріне қонаққа барады және жаңа жылдың басталуымен құттықтайды. 

Осы жылдың 17 наурызында Наурыз мейрамын тойлау үшін экономикалық факультетінің шаңырағы астында бір тату отбасындай факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен барлық курс студенттері жиналды.

Көктемнің бұл шуақты күнінде мерекенің қонақтары мен қатысушылары ұлттық дастарханның тағамдарынан дәм татты, қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлерін көрді, домбыраның күмбірлеген дауысымен тамсанды және қазақ халқының қонақжайлылығын сезіне алды. Бұл мейрамның басты дәстүрлі тағамы Наурыз көже болды. 

коже.

Факультеттің оқытушылары мен студенттерінің күшімен қазақтың «Тұсау кесу», «Бесікке салу» және «Құйрықбауыр» сияқты дәстүрлері көрсетілді.

Мерекенің барлық қатысушылары дипломдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. 


PDF