Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономика және құқық инстиуты жалпыға ортақ кеңес беру күнін ұйымдастырды

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ бірінші қабатынада консультациялық «Кеңес орталығының» жұмысы жүргізілді. Оның басты мақсаты студенттер мен оқытушыларға маңызды, өзекті сұрақтар бойынша қызметтер мен кеңестер беру.

кеңес беру күні

«Біз өзіміздің ұжымымызға қараймыз. Бүгінгі күні біршама сұрақтар жиналып, ЖОО-дың аясында арнайы кеңес орталығын ұйымдастыру шешімін қаблдаған болатынбыз», - дейді экономика және құқық институты директорының орынбасары Какенов Абылай-хан.

Оқу орнынан шықпай-ақ студенттер мен оқытушылар құрамы тұрғын үй, бос жұмыс орын, сақтандыру, зейнетақы мәселелері және түлектер мен студенттерді жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ақпарат алды.

Бұл үшін арнайы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Азаматтарға арналған үкімет», «ЖИТС орталығы», «Қан орталығы», «Медициналық сақтандыру қоры», Зейнетақы қоры,  әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары шақырылған болатын.

кеңес беру күні

Айта кетсек, орталықтың жұмыс уақыты аралығында 76 адам кеңес алды.

Сонымен қатар, «Кеңес орталығы» жұмысының аясында заң және халықаралық құқық студенттері Қан және ЖИТС орталықтарының мамандарымен арнайы тренингтен өтті

кеңес беру күні

Қажеттілік бойынша бұндай шаралар жалғасын табады.


PDF