Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Экономика және құқық институтының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – қазақстандықтардың ортақ міндеті» атты пікір-алмасу алаңы

диалог 4

Бүгін А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген бағыттарын қарастыру мақсатымен пікір-алмасу алаңы өткізілді.

Отырысты аша отырып, Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табұлдинов Жолдаудың маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысы белгілеген негізгі 5 бағытты атап өтті.

Нақты пікір алмасуды ұйымдастыру мақсатымен Қ.Тоқаевтың бөлек тапсырмаларының маңыздылығы мен мазмұнын ашқан спикерлер мен сарапшылар шақырылды.  Олар Қостанай облысында қандай жұмыс ұйымдастырылатындығы туралы да тоқталып кетті.

диалог 5

Осылайша, облыстық ҚХА хатшылығының басшысы Бибігүл Аққожина мәдениеттің дамуы мен халықтың әлеуметтік қамтылуына тоқталса, ІІМ Академиясының психологиялық дайындық орталығының жетекшісі Мырзабек Тойғанов құқық қорғау жүйесінің реформалары және сыбайлас жемқорлық сұрақтарының алдын алуына зер салды.  Азаматтық қоғамның дамуы мен пікір-алмасуы туралы облыстық жобалық кеңсенің басшысы Нұрбек Әбдібеков айтып кетті. 

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылым бойынша проректоры Әлімжан Бекмағамбетов  жоғары білім беру жүйесінің сапасына ерекше көңіл бөлді.

диалог 6


PDF