Экономика және құқық институтының кафедралары А. Байтұрсыновтың мерейтойына арналған шаралар кешенін ұйымдастыруда.
Осылайша, А. Байтұрсыновтың туғанынан 140 жылдығының аясында психология және педагогика кафедрасымен «Ақын махаббаты» атты әдеби кеш өткізілді. Студенттердің жылы лебізді шарасы Қостанай тумасының шығармаларын талдаумен және де оның өлеңдерін оқумен сүйемелденді.
Сонымен қатар, психология және педагогика кафедрасы «А. Байтұрсынов халықтың рухани ұстазы» атты кураторлық сабағын ұйымдастырды.
Заң мамандығы студенттерімен қазақтың көрнекті қоғамдық және мемлекеттік қайраткерінің есіміне орай арнайы бейнебаян түсірілуде.
Осы шараларға 2-ші жыл магистранттары да белсене қатысып, үлесін қосуда. Бұл бағытта жұмыс жалғасын табады.