Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

"Экономика және климаттың өзгеруі жағдайындағы Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиялық мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2018 жылдың 22 қарашасында Аграрлық-биологиялық факультетінде Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің профессоры, Экологиялық инженерия зертханасының меңгерушісі В.А. Коробовтың қатысуымен "Экономиканың жахандануы және климаттың өзгеруі жағдайындағы Қазақстан мен Ресейдегі ауылшаруашылығы өндірісінің экологиялық мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - ауылшаруашылығы өндірісінің өзекті мәселелерін талқылау, ауылшаруашылығы бағытындағы кәсіпорындар үшін цифрландыруды пайдалану.

Дөңгелек үстел жұмысына "Қостанай облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы"ММ басшысының орынбасары – Т.К. Бисимбаев, "АкБидай Агро" ЖШС директорының кеңесшісі – Д.Т. Сейтказинов, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.С. Удовицкий, Қостанай АШҒЗИ картоп селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Б.Б. Казиев - "Карантиндік зертхана" ММ директоры, Аграрлық-биологиялық факультетінің оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жетекші ұйымдардың жұмыс берушілері, қонақтар мен қатысушылар Қостанай облысы аумағында ауыл шаруашылығында ақпараттық технологияларды дамыту перспективаларымен танысты.

 

 

 

 


PDF